«Отан қорғаушы» атты әскери-спорттық, патриоттық жарыс өтті

08.12.2016

    Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулып, олардың бойына ұлттық рух қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады. Әскери-патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлайды.
    Өз Отанын қорғау - әр азаматтың міндеті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясының  10- сынып оқушылары арасында «Отан қорғаушы» атты  әскери-спорттық, патриоттық жарыс өтті. Жарысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тлегенов Қайрат Нұрахметұлы ұйымдастырды.

 
 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено