«Отбасы – бақыт мекені» қабырға газеттері

25.11.2016

   Қыркүйек айының 6 күні 9–10 сыныптар арасында аға тәлімгер Айнаш Батырғалиқызының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында қабырға газеттерін шығарып, мектептің 1 қабатындағы дәлізіне ілінді. Іс – шараның мақсаты оқушылардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті ұялату және оқушыларды ынтымақтастыққа, ұжымдық сана сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу. Қабырға газеттерінің эстетикалық талаптарға сай болуы мен қазақ отбасындағы тәрбиені шығармашылықпен көрсете білуіне байланысты, түсіндірме жұмыстарын жүргізу сынып жетекшілеріне міндеттелді.     
   Нәтижесінде тақырыпты аша білген, мағыналы дүниелерді көрсеткен сыныптар саптық жиында мадақталды.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено