Қ.Сенғазыевпен сұхбаттасу
24.11.2016Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте қарашаның жиырма үшінде кешкі сағат 19:00-де Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы мен мектебіміздің 1-11 сынып ата-аналары арасында сұхбаттасу сағаты өткізілді. Басты мақсат ата-аналар тарапынан мектеп өмірі мен жалпы білім беру саласына қатысты қандай да бір өтініш-тілектерді орта салу болғандықтан, сұрақ-жауап түріндегі сұхбаттасу бір сағатқа созылып, біршама мәселелерге байланысты Білім басқармасының басшысы жауап берді. Сол сияқты ата-аналар тарапынан мектеп басшысы Сегізбай Алмагүл Тілектесқызына, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілері мен педагогикалық ұжымға деген алғыс ниеттер де болды. Ең бастысы үш тағанды тәрбиедегі оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынас болса, шешілмейтін мәселе болмайды деген ой түйдік.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
