Қалалық "Инновациялық - педагогикалық идеялар" фестивалі
11.11.2016
«Астана дарыны» ӨҒП орталығының ұйымдастыруымен №67 мектеп-гимназиясында өткен қалалық «Инновациялық - педагогикалық идеялар» фестивалінде мектебіміздің жоғары санатты математика пәні мұғалімі С.М.Бекмағанбетов ІІІ дәрежелі Дипломмен, ал І санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Б.Акирапбаев мақтау қағазымен марапатталды.
Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі - ол шығармашыл педагог-зерттеушілерді анықтау және қолдау, олар әзірлеген педагогикалық идеялардың таратылуына ықпал ету, инновациялық технологиялар, әдістемелер, модельдерді бейімдеу мен сараптау, сонымен қатар педагогтардың кәсіби қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
