«Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренинг
15.11.2016 Бүгін, қараша айының 15-жұлдызында «Білім айнасы» Республикалық газеті редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренингке №15 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті ұғалімдері Раул Маншук, Тулеубаева Мадина Оразқызы, Дүйсенова Жанна Қабденқызы қатысып, Республикалық «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының штаттан тыс тілшісі құқығына ие болды.
Газеттің бас редакторы Қуантай Амантайұлы Қатшабаев арнайы сертификатты табыстады.
Бұл үрдіс ұстаздардың шығармашылығын шыңдауға, ойларындағы өзекті мәселені қағаз бетіне түсіруге, атқарған іс-шараларымен әріптестерімен бөлісуге үлкен септігін тигізеді.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
