«Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы»
08.11.20162016 жылғы 2 қарашасында колледжде «Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы» атты тақырыбына қалалық ашық есік күні өткізілді.
Әдістемелік күнінің мақсаты - аттестаттанушы оқытушылардың кәсіптік шеберлігін ашу және педагогикалық тәжірибесін тарату.
Ашық есік күніне Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Жукенова Б.Б., кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің 39 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қонақтар алдында құттықтау сөзбен колледж директоры Ташенов С.Б. және Жукенова Б.Б. сөз сойледі. Іс-шара барысында арнайы және жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 оқытушы ашық сабақтар көрсетті, оның ішінде «Автомобиль құрылымы» пәнінен Исабеков М. С., «Тағам дайындау технологиясы» пәнінен Касенова Г. С., «Туристтік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» пәнінен Отарбаева Б.К., «Тағам дайындау технологиясы» - Нуржауова Н. М., информатикадан Хайса У. мен Каримова Г. Б., қазақ әдебиетінен Нуркасымова А. Б., ағылшын және орыс тілдерінен Махан Б. пен Қазбекқызы Б. Жоғарыда аталған оқытушылардың сабақтары жоғары деңгейде өтіп, келген кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің көңілдерінен шықты.
«Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы» тақырыбында өткен қалалық әдістемелік күн жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді деуге толық негіз бар.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
