«Мектеп жұлдызы-2016» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті
24.05.2016 Мектептегі талантты, білімді, ең алғыр, ең мықты, оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін қуанышқа бөлеп, қызыққа толтырған оқушыларға «Мектеп жұлдызы-2016» атты марапаттау рәсімі өтті. Фестивальге қатысып отырған жас талантты, өнерлі дарындарымызды, болашақ ғалымдарымызды және ұстаздарды, ата-аналарды мектеп директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызы құттықтап, білімнің сара жолында жұлдыздары жана берсін деген тілек жолдарын жолдады.
«Мектеп жұлдызы-2016» атты марапаттау рәсімін «Шаттық-2016» ашық шығармашылық қалалық байқауының вокал, қолөнер, дизайн, қыл қалам, ұлттық аспаптар номинациясы бойынша «Өнер жұлдыздары» бастады.
Еліміздің ертеңін қалайтын білімді де, өнерлі, талантты оқушылар біздің мектебімізде аз емес. «Білім саңлақтары» номинациясы бойынша аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары марапатталды.
Сонымен қатар, қалалық, республикалық, халықаралық спорт сайыстарының жүлдегерлері «Спорт тарландары» номинациясы бойынша оқушылар марапатталды. Оқушылардан өзге ата-аналар, үздік мұғалімдер де қалыс қалған жоқ. «Мектеп жұлдызы-2016» атты марапаттау рәсімін мектебіміздің өнерлі оқушылары «Дарын» әншілер тобы «Алға, Қазақстан» әнімен аяқтады.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
