Қош бол, алтын ұя - мектебім!

17.06.2016

        Мамыражай маусымның көңілді күндерінің бірінде мектебіміздің салтанат залында «Қош бол, алтын ұя – мектебім» атты мектеп бітірушілер кеші өтті. Мектеп бітіру аттестаты мен ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты табысталған жиында мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы алғы сөз айтып, түлектердің үлкен өмірге басқан қадамдарына сәттілік тіледі. Көктал кентінің қадірлі қариясы Жеңіс ата мектеп бітірушілерге арнайы жазған ақ батасын берді. Білім ордамыздан түлеп ұшқан 36 түлектің әрқайсысы ерекше қимастық сезімдерін білдірді. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Жас түлектердің ата-аналарының бірі Сулекешова Алтын Ильясқызы да ізгі ниетін білдіріп, ұстаздарға ілтипат көрсетті. Оқушылардың екінші анасына айналған қос сыныптың сынып жетекшілері атынан Махметова Гүлден Әбікенқызы көңіліндегі толқыған сезімді жасырмады. 
        Назарларыңызға мектеп директорының 2016 жылдың түлектеріне арнаған «Мектеп түлектеріне» атты өлеңін ұсынамыз:

Арманы асқақ 68-түлектері,
Лүпілдеп тұр-ау, осы сәт жүректерің.
Балалық көңіл, қимастық, артта,
Өзіңе сенім, енді бас тіректерің!

Тәрбие, білім септік біз нәрін,
Ұстанар өмірде, алдыңдар тәлім.
Ері болып елдің, тұғыры биік,
Бақытты жолға түсіңдер бәрің!

Арманға жетер, жол оңай болмас,
Талап пен білім, болады жолдас.
Табандылық, қайсарлық мінез,
Көрсете білсең, асу жоқ алмас.

Ақжолтай тілек біз берген бағыт,
Баяндығын алда, көрсетер уақыт.
Күні мен айы, әр үйдің едің,
Ел болашағы болдың, бұл үлкен бақыт! 

Ұмытпа, келіп жүр мектебіңе,
Оралғандай өмірдің көктеміне.
Құрметпен қашанда қарсы аламыз,
Қуанып, арманыңа жеткеніңе!

Нық қадаммен алға, басыңдар енді,
Тік ұстап басты, түріп-ап жеңді.
Қазақтың ерен, ұлы мен қызы,
Толағай теңіз, күшіңе сендім!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Шабкенова.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено