Күншуақты жаз лагерінің 1-ші ауысымы аяқталды.

14.06.2016

Мектеп жанына ашылған "Күншуақты жаз" лагері балалармен өткізген 10 күнін аяқтады.Осындай әсем де әдемі күні балаларымызды  Астана саябағына және Мин фин жанынан ашылған «Шуақты көктем» атты концерттерге және де Астананың көрнекті жерлеріне  апарып қайттық.Оқушылар  тек концерт тамашалап қана қоймай асфальтқа сурет салу байқаларына қатысты. Аттракциондарда тегін ойнап көңілдері марқайып қайтты.«Біз бақытты отбасында тұрамыз» атты балаларға асфальтқа сурет салу тапсырмасы ұйымдастырылды. Онда 6-10  жас балалар белгілі бір тақырып      берілмесе де Отан деген тақырыпқа сай салды. Себебі салынған суретке қарасаңыз киіз үй,ошақ, жайлау, ұшып бара жатқан құс бейнесі, тау,үй жануарлары, Астананың көрнекті жерлерін бейнеленген. Әр баланың салған суретіне қарап Отанына деген сүйіспеншілігінің атқанын байқауға болатынын білдік.Лагерь демалысының әр күні қуанышқа толы күн болды. Балалар осы уақыт аралығында Астана саябағына, Қазақстан спорт кешені,Алатау спорт кешендерінде бассейнге шомылды. Және оқушылар сарайында планетария әлемін аралады. Оқушылар сарайының ішінен ашылған жастар театрынан керемет көріністер тамашалады. Лагерь балалары аталған он күндікті артқа тастап 2-ші ауысымға деген қызығушылықтарымен өтінішерін білдірді. Ендігі ауысымды да жақсы өткереміз деген сенімдеміз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено