«Әлемді өзгертетін идеялар»
14.06.20162016 жылдың маусым айының 9-10 аралығында «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасына колледж оқытушылыры Наушабекова Н.А., Айтжанова М.Ж., Загипаров А.К., Шуева Ю.С., Мухатов З.К. жетекшілігімен 1 ОПП-115, 1 ОПП-215, 1 ОПП-415 тобының студенттері екі күн еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлары жүргізген семинар-тренингтерге қатысты.
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасының қатысушылары «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсын өткендігі туралы арнайы сертификатқа ие болды. Бұл идея Елбасының Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған.
Семинар барысында студенттер ҚР Ұлттық мұражайына, Тұңғыш Президент мұражайына, Астана опера театры сияқты елордамыздың әсем ғимараттарында болды.
Студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков сертификат пен арнайы сыйлықтарын тапсырды. Ол жеткіншектерді сертификаттар алуымен құттықтап, Елбасының бес институттық реформасының 100 нақты қадамының маңызы туралы қысқаша айтып, оны жүзеге асыруда осы жастардың белсенді қызметтер атқаратынына сенім білдірді.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
