Соңғы қоңырау мерекесі

25.05.2016

   Мектеп –білім мен тәрбиенің ошағы бола отырып, жас ұрпақты адами қасиеттерге баулып, үздіксіз білім беріп, саналы тәрбиеге үйретеді. Қоғамдағы әрбір адамның дамып жетілуі түп қазығы ата-анасы мен отбасынан кейінгі маңызды ортасы мектеп қабырғасындағы алған өнеге ұстанымы болып табылады. Өскелең ұрпақты білім қуатымен қамтып, тәрбие тәлімінің ең асыл ұстанымдарын бере білген әр ұстаз әрбір шәкірттің бойынан үлкен үміт пен зор биік белесті бағындырар күш қуатты сезінеді. Шәкірттерінің үлкен өмірден өз орындарын табуы, кірпіш болып қаланып, қоғамдағы маңызды тұлғаға айналуы, тіпті қарапайым отбасындағы ардақты адамға айналуы ұстаз үшін үлкен жұмыстың соңғы нәтижесі болмақ.

 Күз мезгілін сыңғырлатып оқушыларды мектепке шақырған қоңырау үні- шәкірттерге дәстүрлі оқу жылының аяқталғанын білдіріп, демалысқа шығарып салуы көп қуаныштың бірі болып есептелері анық. Әркімнің жүрегіне ескі естеліктер мен ең тәтті сұлу суреттерді елестетер соңғы қоңырау мерекесі ата-аналар үшін баласының тағы бір жеткен жетістігін көру болса, ұстаздар үшін аялап, мәпелеп, оқытып, тәрбиелеп отырған шәкірттерінің мектеп қабырғасынан ұзап ұшатын, қимастықпен қоштасар сәттің асыл сезімдері мен толғаныстарын сыйлайтын шақтар болып қала бермек.

   №72 мектеп-лицей қабырғасынан түлеп ұшқан 11-сынып түлектерінің жетістіктері де Тәуелсіз еліміздің биік белесіндегі, ауыз толтырып айта алатын зор қуаныштары мен білім,ғылым жолындағы өзіндік орны бар жүлделі жетістіктері молынан. Биылғы оқу жылындағы «Алтын белгі» мен «Үздік» аттестатқа үміткер түлектердің де жүректері лүпіл қағып соңғы биікті бағындырар жауапкершіліктерін толығымен мойындаған, аса үлкен талапты орындау әрқайсысының ар намыс, күш-жігері мен мектеп ұстаздарының жұмыстарының нақты нәтижесі боларын білгендей.

   Оқушылар мен ұстаздардың бұл күнгі ерекше сезімдері толғаныстары қимас көңілдері ертеңгі күннің иелерін, болашақтың білікті мамандарын білімді тәрбиелі өркендерін мектеп қабырғасынан шығарып салу рәсімі ата-аналарды да үлкен қуанышқа бөлей отырып, зор тебіреніске кенелткен.

  Барлық ұстаздар қауымына шәкірттерінен шексіз алғыстар айтылып, гүл шоқтары тапсырылған, қимас құшақтардың ыстық лебіздердің ерекше толғаныстардың жиыстырылған бұл күні - сыңғырлап соққан қоңыраудың әсем әуені мен көк аспанға шарықтап көтерілген шарлардағы әрбір арман-тілектердің жалғасын табар сәтіндей көріне берсін!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено