ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ «ТУҒАН ЖЕР-2016» ТУРИСТІК СЛЕТІ

02.06.2016

2016 ж. 26-89 мамыр аралығында Аққөл қ. «Арман» спорттық-сауықтыру лагердің аймағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және 1 –шілде балаларды қорғау күніне орай «Туған жер-2016»  слет-семинар өткізілді. Сайыстық бағдарламаға Астана қ. колледж және мектептерден 28 команда қатысты. Сайыстық бағдарлама келесі кезеңдерден құрылды:
  1. Кросс-жорық (тур жаттығуларды орындаумен 8 ш. ұзақтығы: маятник, өткел, бағдарлау, түйіндер байлау, топография);
  2.  Бивак сайысы;
  3. Туристік тағам;
  4. Шығармашылық сайысы;
  5. Плакаттар сайысы;
  6. Канат тартыс сайысы;
  7. Туристік эстафета
Колледж атынан команда құрамына 0511000 «Туризм» мамандығының арнайы пәндер оқытушылыры және дене шынықтыру оқытушылары қатысты: К.Б. Бельжанов, М.З. Ташиков, Е.Ж. Мурзатаев, А.Т. Узбайрова, Г.Т. Жумабаева, В.Е. Пекарская, Д.К. Абельдинова, А.Б. Нуркасымова,  А.Б. Ергазиева,  Т.Д. Жумажанов.
Біздің команда кросс-жорықта - 1 орын, туристік тағам сайысы – 1 орын, шығармашылық сайысы - 2 орынға ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша жалпы команда ішінде 1 орынға ие болдық. ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено