«Ешқашан ешжерде ешкімде ұмытылмайды»

06.05.2016

         Жасұрпақ тәрбиесінде Отансүйгіштікке баулудың орны өте ерекше. Жастардың санасына туған жерге, елге деген махаббатты оятып, терең қалыптастырып, өз өміріне етене араластырып мәнді ғұмырының сәнді сырына айналдыруда мектеп қабырғасындағы тәрбиенің атқарар ролі зор.

         Мектеп-лицейімізде еліміздің айтулы мерекелеріне орайластырылған іс-шаралар үнемі жоспарға сай атқарылып, орындалып отыратындығы дәстүр болып қалыптасқан. Сол орны ерекше жұмыстар қатарында аталарымыздың майдангер ардагерлеріміздің ерен ерліктерімен, жанымен, жас қанымен келген Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің орны өте ерекше. Бауыржан атамыздың қайсарлығы, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерен күш-жігері, Қасым, Төлеген, Талғат сияқты аталарымыздың  соғыстағы батырлығы ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі үлгі болып, әрдайым жастардың санасында сақталуы - бүгінгі бейбіт заманның, ашық аспанның баға жетпес кепілі.

         Онкүндік аясында әрбір сыныпта «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағаттары, майдангер ардагерлермен кездесулер, «Ардагерге мың алғыс» атты шығармалар байқауы, «Менің ашық аспаным» атты сурет көрмесі, тарихи мұражайларға танымдық топсеруендер ұйымдастырылып өткізілді.

  Іс-шаралар барысындағы мектеп-ішілік патриоттық ән байқауы кең көлемді, оқушылар санасындағы аса зор жауапкершілікті оятқан байқау болып өтті. Мектептің жас өнерпаздары жеке шығармаларындағы туындыларды оқып, сахналандырылған көріністерін әсем әндер қатарымен толықтыра білді.

   Жас дарындардың қатарында өнер көрсеткен әрбір ұлан өзінің Отанға, елге, жерге деген ыстық ықыласы мен жүрекжарды ниеттерін - тебірене орындаған ән-жыр, өлеңдерімен шексіз сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысты. 

   «Ешқашан ешжерде ешкімде ұмытылмайды» деген ұлағатты сөздердің жас ұрпақ жүрегіне ата-баба ерлігі мен қайратының, жігері мен айбатының ұмытылмас қайсарлықтың үлгі өнеге болар сарынын күнделікті жандандырып сіңіре түсері белгілі....








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено