"Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама" аясында өткен консультация

10.05.2016

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да

  жақсырақ етіп жасауға болады».

                                                                                Генри Форд

10 мамыр күні мектебімізде "Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама" аясында  мұғалімдерге арналып консультация өткізілді.

Мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы "Жаңартылған бағдарлама аясында" мұғалімдерді оқыту туралы өз ойымен бөлісе білді. Оқу ісі  меңгерушісі: Утаева Гулим Кайремжанқызы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының өзара байланысы, ұзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді жоспарлаудың сәйкестігі туралы баяндама оқып, ой бөлісті. Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісі  Абишова Фарида Рахымқызы  оқушылардың үлгерімін критериалды бағалау, сабақ мақсатын  және оқу мақсаттарын қою мәселелері турал ақпарат берді. Ұстаздарымыз осы бойынша сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Кәсіби диалог барысында пәндік-тақырыптық кеңес беру мақсаты бойынша тиімді стратегиялар анықталып, талқыланған мәселелер өз шешімін тапты.

— Білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет?

  -Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;

  -Рухани құндылықтар мен дағдылар;

  -Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын жаңартудың

   мақсаты;

  -Спиральді оқу бағдарламасы;

  -Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;

  -Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;

  -Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар;

-Критериалды бағалау қағидаттары тақырыбында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіме көп ықпалын тигізді.

     Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым , оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы-  заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады.


 

"  

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено