Ұлттық сана ұлттық тілмен қалып­тасады

06.05.2016

Бір партада...

Ел ұйытқысы, егемен елдің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалып­тасады» - деген болатын. Ал, ұлттық тілдің қайнар көзі - қазақ әдебиетінде, қара өлеңінде. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қай салада болмасын адам баласы өз ана тілінде өсіп- өркендейді, қарым-қатынас жасайды, тіл-табысады.

Баталы бабаларымыздың, байыпты балаларының тамыры тереңнен нәр алуына, сана-сезімі  ана тілінде дамуына ұстаздың атқарар міндеті ерекше. Осы орайда  білімді оқушы тәрбиелеу үшін, қазақ әдебиетінің қоғамдағы рөлі, маңыздылығын міндетке ала отырып,қызығушылығын арттыру мақсатында: мектебімізде 5 «З» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Кездесу сабағы» болып өтті.

Бұл сабақ басқа сабақтардан ерекшелігі, оқушылар «бір партада» журналиспен  қатар отырып, жаңа тақырыпты меңгеріп, келген қонақпен ой бөлісіп, пікір алмасты. Сабақ ақын Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналып, ақынның «Ана»  өлеңіне талданды. Сатылай кешенді оқыту технологиясы бойынша жүргізілді.

Ал, «Кездесу сабағының» қонағы болған ақын, Астана радиосының тілшісі - Жанболат Шәкім. Өзінің анаға арналған өлеңін оқи отырып, оқушылардың сұрақтарына тұшымды жауап берді. Болашақта журналист болуды, ақын болуды арман-мақсаттары етіп жүрген оқушылар, осы сала аясында өздерінің көкейкесті  сұрақтарын қойды. Журналист оқушыларды Астана радиосының ұжымымен, жұмыс барысымен танысу үшін редакцияға арнайы қонаққа шақырды. Сондай-ақ, қоғамның қай саласында жүрсең де қазақ тілі мен әдебиеті маңызды орын алатынын баса айтты.

Сабақ соңында  әдебиет пәнінің мұғалімі Мақсат Хабаров «Кездесу сабағының» қонағы болған Жанболат Шәкімге мектебіміздің атынан алғыс айтып, естелік сыйлық табыстады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено