1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
04.05.20161 мамыр-бірлік күніне арналған №51 мектеп-гимназиясында
«Біз достықты жырлаймыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бұл мереке елімізді мекен еткен 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мейрам. Олардың тілі мен түрі, дінімен ділі бөлек болғанымен тілектері бір. Ол – көкбайрағымыз желбіреген Тәуелсіз Қазақстанымызда тату-тәтті күн кешіп жатқан жүрегі бір халықтардың мерекесі.
№ 51 мектеп- гимназиясында 30.04.2016 жылдың сағат 13.00- де өткен «Біз достықты жырлаймыз!» атты 5-7 сыныптар аралығында іс-шара өтті. Мерекелік шараны тамашалауға мектебіміздің әкімшілігі және 5-7 сынып жетекшілері мен оқушылар және ата-аналар келді. Сайыс 3 бөлімнен тұрды.
- Әр ұлттың салт-дәстүр, әдет ғұрпын дәріптеу ( көрсету 3 минут)
- Өнерін көрсету (3 минут)
- Ұлттық киімін көрсету (2 минут)
14 ұлттың татулығын мақтанышпен көрсетуде 14 сынып оқушылары белсене қатысты. Кәріс ұлты 5 «б» сынып, ұйғыр ұлты 5 «в» сынып, ағылшын ұлты 5 «г» сынып, түрік ұлты 5 «д» сынып , қазақ ұлты 5е сынып, армян ұлты 5 «ж» сынып, неміс ұлты 5 «з» сынып, үнді ұлты 6 «б» сынып, украин ұлты 6 «в» сынып, қытай ұлты 6 «д» сынып, орыс ұлты 6 «е» сынып, қырғыз ұлты 7 «г» сынып, өзбек ұлты 7 «д» сынып, грузия ұлты 7 «б» сынып оқушылары.
Сайыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Әрбір сайыскерлер бірлік мерекесінің тарихы терең екендігін ұғындыра білді. Сайыстың қорытындысы бойынша 5 – сыныптар арасында бас жүлдені өзіміздің кең дарханды қазақ ұлты 5 «е» сыныбы мен түрік ұлты 5 «д» сыныбы иеленді. 1 орынды 5 «в» сынып ағылшын ұлты иеленді. Кәріс ұлты 5 «б» 2 орынды иеленді. 3 орынды 5 «з» сынып оқушылары қанжығасына байлады.
6 сыныптар бойынша бас жүлдені орыс ұлты 6 «е» сыныбы ие болды. 1 орынды украин ұлты 6 «в» сыныбы иелік етті. 2 орынды 6 «б» сынып үнді халқы ие болған болса, 3 орынды қытай халқы 6 «д» сыныбы ие болды. 7 сыныптар бойынша бас жүлдені өзбек ұлты 7 «д» сынып оушылары жеңіп алды. 1 орында 7 «г» сынып қырғыз ұлты жеңіп алды. 2 орынды 7 «б» сыныбы жеңіп алды. Соңында тамашалап отырған ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар өздерінің ризашылықтарын айтып, алғыс білдірді. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдашбаева Сара Інкәтқызы оқушыларды жүлделі орындарымен марапаттап, тілек айтып, құттықтады. Әрбір ұлт өкілдері естелікке суретке түсті.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
