Республикалық турнирде топ жарған Тоғжан!
26.04.2016 22-26 сәуір аралығында Алматы облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында самбо күресінен турнир өтті. Бесінші рет өтіп жатқан КСРО-ның спорт шебері Нұржан Жармұхамбетовты еске алуға арналған 2000-2001 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Республикалық турнирде 38 келі салмақ дәрежесінде мектебіміздің 7 "Ә" сынып оқушысы Өтеген Тоғжан ІІ орын алып, күміс медаль тағынды. Бұдан да биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз!
Өз тілшіміз
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
