25.04.2016ж. Эстетикалық пәндер апталығының ашылу салтанаты
26.04.2016Эстетикалық пәндерапталығының ашылу салтанатының жоспары.
/Сахнаның сыртында оқылады/ Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек өнерден алынар, Өнерменен аспанға жол салынар - Салтанатты музыканың ырғағымен сахнаға екі жүргізуші /оқушылар/ шығады.
1-жүргізуші:Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша оқушылар мен аяулы ұстаздар!. 2-жүргізуші:Армысыздар ардақты алқалы жұрт ! /ағылшын/ 1-жүргізуші: «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең» атты эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Олай болса, апталықты ашу үшін сөз гимназия директоры Г.Д.Садыковаға беріледі. /Ағылшынша/
1-жүргізуші: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп, Даналықтан қазына жүрсіз жиып, Шәкірттерді жетелеп ұлылыққа Тұғырында өмірдің тұрсыз биік, - дей келе аталмыш пәндер бірлестігінің мүшелері, яғни мұғалімдерімізді сахна төріне шақырайық..... / музыка ырғағымен мұғалімдер ортаға шығады/
- кітапханашы:
- сурет
- музыка
- дене шынықтыру
- өзін-өзі тану
2-жүргізуші:
Сіздер таласпаңыздар, біз оны мына отырған оқушылардан сұрайық.
1-жүргізуші:
Балалар, сендер музыканы жақсы көресіңдер ме?
- Иә! /шарды көтереді/
2-жүргізуші:
Сурет салғанды ұнатасыңдар ма?
- Иә! /шарды көтереді/
1-жүргізуші:
Өзін-өзі тану пәні сендерге ұнай ма?
- Иә! /шарды көтереді/
2-жүргізуші:
Спортпен шұғылдану керек пе?
- Иә! /шарды көтереді/
1-жүргізуші:
Қызықты кітап оқуды жақсы көресіңдер ме? - Иә! /шарды көтереді/
2-жүргізуші:
Көрдіңіздер ме, сіздер барлықтарыңыз де керек екенсіздер!
/ барлығы бірге ән айтады «Шақырады көктем»
1-жүргізуші:
Онда біз бастаймыз! /екеуі бірге ағылшынша/
2-жүргізуші:
Биші қыздар, кел бері, Ортаға шық ілгері Мың бұралып билеңдер, Жастық шақтың гүлдері.
Ортада гимнастикалық би.
/ Гимнастикалық би/
1-жүргізуші:
Әдемі-ай, әдемі-ай!
Ғажайыптар әлемі-ай
Шіркін-ай, шіркін-ай!
Қазағымның ғұрпын-ай
«Әдемі-ай» әнімен ортада әдемі қыздарыңыз 2 «А»сынып оқушысы Тусупкалиева Айзере.
2-жүргізуші:
Сен лотореядан ұтыс ұтып көріп пе едің?
1-жүргізуші:
Оны неге сұрадың?
2-жүргізуші:
Себебі, осы апталықтың ерекшелігі біз апта бойы «Өнерлото» ұтыс ойынын ойнатамыз! Билеттеріңіз ұтысты болсын!
1-жүргізуші:
Ән «Көңілді күн». Орындайтындар Дильназ және Жания Аубакировалар?
/ ағылшынша ән болуы мүмкін/
2-жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші
Талаптарын байқайық!
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық!
Бұны біз апталық соңында білетін боламыз!
1-жүргізуші:
Апталыққа белсене қатысыңыздар! Сіздерді апта бойы қызықты сайыстар, байқаулар, марапаттаулар күтуде!
2-жүргізуші:
Біз сіздермен қоштаспаймыз.
1-жүргізуші: Келесі кездескенше!/ағылшынша/
Екеуі бірге: Балалар, сіздер үшін тосын сый! Қарсы алыңыздар!
Апталықтың ашылуынан көріністер:



Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
