Ғажайып ғарыш әлемі атты өнеге сағаты өтті

12.04.2016

XXІ ғасырдың біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы. Бүгін біздің мектебімізде ғарышкерлер күніне орай «Ғажайып ғарышкерлер әлемі» атты танымдық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымынкеңейту, білімділігін арттыру.  


Сабақта 7 сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Оқушылар ғарышкерлер туралы көптеген мәліметтер жинап, тақпақтар жаттап, өздері жасаған ребустарын ортаға салды.



Әрі қарай оқушыларды қызықтыра отырып, әр топқа виктариналық сұрақтар қойылды, музыкалық сұрақтар желісімен бәріміз бірге ән айттық. Ұпай саны басым топ марапатталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено