Құттықтаймыз!

08.04.2016

7 сәуір күні өткен «Талантты ұстаз-дарынды балаларға» атты қалалық педагогикалық олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері Қуандықов Серғазы Шамшидинұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!! №48 мектеп-лицей табалдырығынан аттап, ұстаз болғаныңа 7 ай толғанына қарамастан,  өзіңнің үлкен жауапкершілігің мен мойныңа артқан үлкен сынды асқан шыдамдылықпен көтере білдің!!! Сенің терең ой мен асқақ идеяларың әрқашан сені биік шыңдарға жетелей берсін.

Ә.Бөкейханов «Елге қызмет ету білімнен емес мінезден» десе, ал А.Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген екен. Ал Жүсіп Баласағұн «Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады» деп бекерге айтпаса керек.  

 Серғазы!!! Осы жарысқа тұспа-тұс келген туған күніңмен шын жүректен құттықтай отырып,  №48 мектеп-лицей ұжымы саған мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп  зор шабытпен шығармашылықтың , кәсіби шеберліктің  шыңына жетуіңе тілек білдіреді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено