Апталық «XXІ –ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» деген тақырыппен математика, информатика және физика пәндері бойынша өткізілді.

11.03.2016



09.03.16 ж 8"Ә"
сынып. «Декектерді енгізу, редакциялау және пішімдеу» ашық сабақ. Бимендина Г.Ж. Мұғалім сабақта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізді. Сыныпты топқа бөлді. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында бірнеше қызықты тапсырмалар берілді. Венн диаграммасы арқылы Excel мен Word бағдарламаларының ортақ қасиеттерін салыстырды. Сабақты қорытындылау мақсатында «де Боно» әдісі бойынша оқушылардың Excel бағдарламсы туралы пікірлері тыңдалды. Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдірді.



10.03.16 ж 10"А"
сынып. Ашық сабақ «Сындық нүкте. Функцияның экстремумдары». Пән мұғалімі:Исмайлова К. С.
Сабақ басталғанда мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға «қайталау- сұрақ- жауап» жүргізді. Оқушыларды   топқа бөлінді. Сол топтарды басқару оқушыға берілді. Әр топтың топ басшысы жолбастаушы парағы берілді. Сабақ барысында осы жолбастаушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы білімдері тексерілді.Дамыту кезеңінде деңгейлік тапсырмалар орыдалып, «Уақытпен сайыс» бөлімінде оқушылар ҰБТ есептерін тез шешу жолдарын тауып, шапшаңдықта бірнеше есептерді шешіп орындады. «Жекпе- жек» топ басшыларының сайысында жоғары деңгейлі тапсырмалар орындап, көшбасшы оқушы анықталды. Сабақ өз мақсатына жетті.
 



10.03.16 ж 5"А"сынып
. Ашық сабақ «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» Пән мұғалімі: Киреева А.Т.
Мұғалім сабақта барысында қызығушылықты оятуға үлестірмелік тапсырмалар берілсе, мағынаны түсіну кезінде топтық тапсырмалар берілді. Әр оқушы өз тапсырмаларын орындап, сабақты түсінгені көрініп тұрды. Бекіту кезеңінде оқушыларға тақырыпқа байланысты есептер беріліп, жауаптары кестеге сай әріптерін қойып, атақты ортаазиялық математиктің аты шығуы керек тапсырмаларын орындады. Оқулық және тақтамен жұмыс қатар жүргізілді. Қатысып отырған мұғалімдердің сын-пікірлерін тыңдап, жіберген олқылықтарды келешекте жойып, сабақты одан әрі қызықты өткізу ұсынылды.


10.03.16 ж 6"Б"сынып. Ашық сабақ: «Осьтік симметрия» Пән мұғалімі: Ауған Е
Мұғалімнің сабағы дәстүрлі өтті. Сабақ барысында логикалық сұрақтар, ақпарат блогы, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар, өзін-өзі тексеру тапсырмалары қамтылды. Сабақ дәстүрлі түрде өткенімен оқушылар сабақта қызығушылықпен қатысып, белсенділік көрсетті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено