«Горизонт» турфирмасының кубогы үшін Республикалық туристік жарыс

29.03.2016

2016 жылдың 21- 24 наурыз аралығында Астана қаласында «Горизонт»  туристік фирмасының кубогы үшін республикалық туристік көпсайыс жасанды бедерде жарыс өтті.
Жарысқа  Қазақстан Республикасы бойынша 13 облысынан 36 команда қатысты. Біздің колледжден  «МПК» командасы қатысты. Команда құрамына  2 ТРА-114 топ студенттері Мұхитов Артур, Дюсембаева Аяужан, Жақыпова Меруерт, Искендеров Дамир, Курумбаев Арсен кірді.
Бәсекелестік қарқыны өте жоғары болды. Басшылар мен ұйымдастырушылар команданың жақсы дайындығын атап өтті.
Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша спорттық туризмнен 9-шы орынды, ал «спелео - байламдар» (жасанды топография бойынша құтқару жұмыстары) қашықтығынан 2-ші орынды иеленді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено