«Жамбыл Жабаев –қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы»

05.04.2016

 Биылғы жыл қазақ поэзиясы үшін айтулы күндерге толы. Қазақтың атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген жыр алыбы- Жамбыл атамыздың туғанына биыл 170 жыл.

     Осыған орай мектебімізде ақын шығармашылығын насихаттау үшін «Жамбыл Жабаев –қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті.

    Кештің мақсаты: оқушылардың бойында ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін ояту, поэзияны сүю, оны бағалай білу, сөз өнерін қадірлеу.

   Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешті. Әдебиет зерттеушілерінің айтуынша, Жамбыл Жабаев көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын, суырып салма шешендігін былай қойғанда, жыр алыбы айрықша есте сақтау қабілетіне де ие болған. Миллион жол өлеңді жатқа білген. Сұраншы, Өтеген батыр, Хан мен ақын сынды эпостық жырлар мен Көрұғлы, Қыз Жібек дастандарын түнді таңға асырып айтқан. Ол өз заманында халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено