11.04.2016ж. "Ашық есік күні"
29.03.2016 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 81 " ASTANA ENGLISH SCHOOL " гимназиясында бүгін оқу -тəрбие жұмысын бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту жəне ата - аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру мақсатында ата-аналарға арналған ашық есік күні болып өтті. Гимназия ата - аналары таңертең балаларымен бірге келіп, таңғы жаттығудан кейін бағдарламаға сəйкес іс-шараның барлық түріне, сабақтарға қатысып, оқу процесімен, ұстаздардың сабақ өткізу əдістерімен танысты. Сабақтан кейін гимназия өнерпаздарының өнерлерін тамашалады. Түрлі үйірме жұмыстары бойынша оқушылардың жарты жылда үйренгендері көрсетілді. Өз балаларының білімі мен өнеріне тəнті болған ата - аналар гимназия басшысы Гүлнар Дінғуатқызына жəне гимназия ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Ата-аналар мектеп асханасынан дәм татып, сабақтарға қатысты.
Сабақтардан көрініс

Сахнада спорттық үйірме мен сахна өнері
Ата-аналармен тренингтер өткізілді

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
