Анаға тарту

04.03.2016

Таяуда мектебімізде Халықаралық Әйелдер күніне орай 5-6 сыныптар арасында "Анаға тарту" байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты қыз балаларды халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеу, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерге баулу, қыз бала әкесі мен анасының абыройы екенін көрсету болды. Сайысқа 5 "А" сыныбынан Ұзақбаевтар отбасы, 5 "Ә" сыныбынан Мелдібековтар отбасы мен Елубаевтар отбасы, 6 "Ә" сыныбынан Ержановтар отбасы, 6 "В" сыныбынан Керімбаевтар отбасы мен Қойлыбаевтар отбасы, 6 "Г" сыныбынан  Башаровтар отбасы қатысты. "Үй тапсырмасы", "Өнер сайысы", "Ең әдемі, көркемін, саған арнап жасадым!", "Әкенің ақ тілегі" сияқты бөлімдерден құралған жарыс қызыққа толы болды. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дакина Еркежан Төлешқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы әділ қазы болған сайыстың қорытындысы төмендегідей болды: 
І орын: Ұзақбаевтар отбасы, 5 "А" сыныбы.
ІІ орын: Елубаевтар отбасы, 5 "Ә" сыныбы.
ІІ орын: Башаровтар отбасы, 6 "Г" сыныбы.
ІІІ орын: Мелдібековтар отбасы, 5 "Ә" сыныбы.
ІІІ орын: Ержановатар отбасы, 6 "Ә" сыныбы.
ІІІ орын: Керімбаевтар отбасы, 6 "В" сыныбы.
ІІІ орын: Қойлыбаевтар отбасы, 6 "В" сыныбы.

 

 

 

 

 



 

Аға тәлімгер: Қажгереева З.Е.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено