Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің «Әжелер әлемі» клубының кезекті іс-шарасы.

04.03.2016

Ақпан  айының 26-шы  жұлдызы  күні мектебімізде  «Өнерлі ата-әжелер  ұрпақ   тәрбиесінің  ұйытқысы» тақырыбында   тамаша   іс-шара өтті. Іс-шараға Алматы ауданы әкімінің  орынбасары Сенгазыев Касымкан  Сенгазыевич  қатысты.

Тағылымды  іс-шараны мектебіміздің директоры Садықова Зәуре Жақанқызы ашты.

Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен  тәрбиелеу, ата-әже  тәрбиесін   үлгі  ету, әжелердің  асыл сөздері, өнегесі арқылы       қарттарды  құрметтеуге үйрету тағылымды іс-шараның  өзегі  болды. Қойылған  тамаша  концерттен  ата, әжелеріміз өмірдің ажары екенін  ұқтық, әжелеріміздің  көрмеге  қойған қолөнер бұйымдары  да ерекше  болды.

1. Ана тілі-асыл қазына

2. Әжелердің  ұрпақ  тәрбиесіндегі орны

3. Қазақ  тарихында  аты қалған әйелдер- тақырыбында  пікір  білдірген журналист, «Құрмет» орденінің иегері,  ҚР Білім  жүйесінің  құрметті қызметкері   Әбішқызы Сайраш  оқушылардың  ойынан шығып, көркем  ой айтты.

Ақ шашты аталар мен ақ жаулықты әжелеріміз тағылымды  істерімен үлгі бола берсе  екен!







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено