Колледждермен байланыс. Ашық есік күндеріне қатысу
12.02.20162015 – 2016 оқу жылы мектебіміз қаламыздағы бірнеше колледждермен тығыз қарым – қатынас жасалған. Сол мақсатта Менеджмент және бизнес коллежіне, Қаржы академиясының колледжіне, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжіне ашық есік іс шараларына мектебіміздің 9 сынып оқушылары қатысып қайтты. Ашық есік іс – шарасының мақсаты: колледждермен қарым – қатынас орнату, кәсіптік бағдар жұмысы жетілдіруоқушыларға әр түрлі мамандықтар бойынша толық мағлұмат беру.
12 ақпан күні 9 «Б», «В» сынып оқушылары, сынып жетекшілері Сарафанова П. Ф., Глухонец Т. П. Қаржы академиясының колледжінде ашық есік күніне қатысты. Барлығы: 35 оқушы
13 ақпан күні 9 «А», «Ә» сынып оқушылары, сынып жетекшілері: Сейдалина М. Т., Габудллина Б. К. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжіне ашық есік күні іс – шарасына қатысты. Барлығы: 30 оқушы
17 ақпан күні 9 «Г» сыныбы, сынып Плат Л. А., Менеджмент және бизнес коллежінде ашық есік күніне қатысты. Барлығы: 20 оқушы. Ашық есік күні іс – шарасы барысында оқушыларға колледждердің оқу – техникалық базасы, оқу ғимараттары, мамандықтары жөнінде толық ақпарат беріледі.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
