1 наурыз - Алғыс айту күні!

01.03.2016


2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті алғышқы рет «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз

деп атап өттіледі. Осы орайда мектебімізде мектеп ұжымымен бірге техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруы бойынша ардагерлермен, қарттармен, мектебімізге өзінің ерен еңбегін сіңірген ұстаздарымызбен кездесу өтті. Мектебіміздің биші қыздары «Дала сазы» қазақ биімен кездесуімізді ашып берді. Мектеп директоры Данара Мейрамбекқызы мен техникалық шығармашылық орталығының директоры  Қанат Абдрахманұлы өзінің лебіздерін білдірді. Ыстық лебізден кейін «Ақ көгершін», «Бозторғай» воколистер байқауының лауреаты,  «Шаттық-2016» ашық шығармашылық қалалық байқауына белсене  қатысып  дипломмен марапатталған Дауренбек Асылзат «Аққұм» әнімен қонақтардың көңілін серпітіп жіберді. Кездесу барысында қонақтарға арнайы дайындалған емтихан сұрақтары болды. Ол сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларға өздерінің тілектерін айтты. Оқушыларда алғыстарын білдіре отырып, өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын тарту етті.

                       

                       



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено