«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы.

11.02.2016

 

№ 24 орта мектепте  «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының  өткізілуі туралы ақпарат

2015- 2016 оқу жылы

 

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12-3/1729 хатын негізге ала отырып жалпыға міндетті оқумен толық қамтудың кезекті айлығы 2016 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өткізлді.  Астана қаласы Білім басқармасы 2016 жылғы 8 қаңтардағы №05 бұйрығы негізінде «Қамқорлық» қайырымдылық айлығының жоспары құрылып, мектеп директоры Сүндетов Ғ.Н. бекітілді.

  1. Мектебіміздің өзін- өзі басқару ұйымының басқаруымен  І қабатта «Қамқорлық – игі іс» тақырыбында ақпараттық стенд әзірленді.  Айлықтың жоспары, оқушылардың суреттері орналастырылды.
  2. Жалпыға міндетті оқумен толық қамтылуын  анықтау мақсатында мектеп ұстаздарынан құрылған жұмыс тобы мектептің шағын учаскелердегі үйлерді аралады.  Тапсырған мәлімет негізінде мектеп жасында, оқумен қамтылмаған бала анықталмады.
  3. Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына, қорғанышсыз қалған балаларға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда:
  • Мектеп асханасының демеушілігімен (ЖШС «Вулкан)  20 оқушыға ыстық тамақ берілді

 

  • Қаңтардың 27-де Пригородный кентінде орналасқан «Әлжан ана»  мешіті тарапынан мектебімізде білім алып жатқан аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан 26 (жиырма алты) балаға қысқы киіммен көмек көрсетілді.
  • Сапар Ақнұр, Оралбек Ақбота отбасына  «Әлжан- ана» мешітінің демеушілігімен 15 мың теңге көлемінде азық- түлікпен көмек көрсетілді.
  • Өзінің есімін жария еткісі келмеген демеушіден Парынбектер отбасына көмір түсірілді.
  • Мектеп ұстазы атынан Чианұлы С. қысқы аяқ- киім берілді.
  1. мектептің 1 қабатында «Ас- адамның арқауы»  қайырымдылық аспаздық жәрмеңкесі өтті. Шебер қыздар түрлі тағамдар дайындап,  оқушылар мен ұстаздарға тәтті тағамдарын ұсынды
  2. Жәрмеңкеден жиналған қаражат «Қамқорлық»  фондына жинақталып, кеңсе тауарлары алынып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға берілді.  Жәрмеңке жоғары деңгейде өтті.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайырымдылық жәрмеңкеден түскен қаражат фондынан 5 оқушыға   (ата- анасының қамқорлығынсыз қалған) кеңсе тауарлары табыс етілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено