«Менің денсаулығым-менің болашағым.» атты рухы биік,Серік Сапиевпен кездесу

12.02.2016

Бүгін мектеп қабырғасында бокс бойынша әлемнің 2 дүркін чемпионы,Лондон-2012 олимпиадасының алтын иегері, ВЭЛ Баркер кубогоның иегері Серік Сәпиевпен 9 А сынып жетекшісі Егдирова С. ұйымдастыруымен үлкен кездесу өтті. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.

Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

 






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено