Жүз жасаған атама жыр арнаймын

12.02.2016

   Қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихында Жамбыл Жабаевтың алатын орны айрықша зор. Бұл ақынның шығармашылығы сол кездегі қазақ халқының бет-бейнесі. Иә, осындай шығармашылғымен ғасыр жасаған жыр алыбының мерейтойына орай мектебімізде 10-11 ақпан күндері «Жамбыл оқулары» өтті. 5-7 сыныптар арасында Жамбыл атамыздың өлеңдерін оқу және «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» тақырыбында жас ақындар шығармашылығы бойынша жүргізілді.                                       
     Мәнерлеп оқу сайысы бойынша оқушылардан оқ бойы озып шыққан оқушылар анықталды.    Мәнерлеп оқу сайысының Бас жүлдесін жеңіп алған 6 «Ә» сынып оқушысы Омарова Жадыра қалалық Жамбыл оқулары сайысына жолдама алды. «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» атты жас қаламгерлер сайысының жеңімпазы 7 «В» сынып оқушысы Жаннұр Амандыққызы өз өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.   8-10 сынып оқушыларының арасында «Жамбыл және әдебиет», «Жамбыл және тарих» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға қатысқан оқушылар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен тарихтағы алар орны туралы жан-жақты талқылады. Өзінің танымды да, тағылымды баяндамасымен көзге түсіп, жоғары көрсеткіш көрсеткен 10 «А» сынып оқушысы Бақтыбай Ернар «Жамбыл және тарих» бағыты бойынша, 10 «А» сынып оқушысы Райқұл Әлихан «Жамбыл және әдебиет» бағыты бойынша марапатталды. Оқушыларымызға шығармашылық шабыт пен жетістіктер тілейміз!







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено