Тәуелсіздік- ұлы өрлеудің ұлы күні
03.02.2016
2016 жылдың 1 ақпанында мектеп ассамблеясында 5 «В» 11 «В» 6 «В» сыныптары «Тәуелсіздік- ұлы өрлеудің ұлы күні» тақырыбында өзөнерлерін көрсетті.
5 «В» сыныбының қыздары мың бұралған қазақ биімен ассамблеямыздың шымылдығын ашып берді. Оқушылар Тәуелсіздіккебайланысты өлең жолдарын оқып, Дильназ «Отан» әнімен кешімізді одан әрі қыздыра түсті.
Тәуелсіздікке байланысты видеороликтер мен слайдтар көрсетіліп, тұғырлы тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегендігі туралы айтылды.
5-11 сыныптар аралығында өткен «Үздік күнделік» байқауының қорытындысы жарияланып, мектеп тәлімгері Фариза Қайыртайқызы үздік күнделік иелерін марапаттады. Сонымен қатар мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Орынбасар Қуанышбайқызы пәндік олимпиада мен ғылыми жоба бойынша жеткен жетістіктерді атап, алғыс хаттармен марапаттады.
Ассамблея соңында апта бойы жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталып, кешіккен оқушылар мен мектеп формасын сақтамаған оқушыларға ескерту жасалды. 
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
