Жырлайды жүрек

12.02.2016

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш. 2016ж. 11.02. күні мектеп-лицейімізде «Хантәңірінің мұзбалағы» атанған ақиық ақын Мұқағали Мақтаевтың 85 жылдығына орай 9–10 сынып оқушыларымен Асемова Рауан Саметқызының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында әдеби шығармашылық кеш өткізілді. Кешіміздің бірінші бөлімінде кітапхана меңгерушісі Ғалия Естайқызы оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрмемен таныстырды. Кештің екінші бөлімінде Мұқағали Мақтаевтың өлеңдері оқылып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Оқушылар ақынның күнделіктерін оқып, аудиодан жанды дауысын тыңдады.




«Арыз жазып кетейін»

Бүгін  менің туған күнім.
Ой, бәле ‐ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер еді өзім‐ақ,
Тәңірдің бір жарытпай‐ақ   қойғаны ‐ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ‐құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау – шапан,
Мынау –атың, мін»,–демей?!




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено