Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Мазбаев Орденбек Білісбекұлы География ғылымдарының докторымен кездесу.
10.02.2016Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінде 2016 жылдың 10 ақпанында Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Мазбаев Орденбек география ғылымдарының докторы, ҚР «Құрметті туризм қызметкері», Халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының «Алтын компас» иегері, Оңтүстік полюске бағытталған тұңғыш қазақстандық автокөліктік экспедициясының ұйымдастырушысы, бүгінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мазбаев Орденбек Білісбекұлымен кездесу өтті.

Мазбаев Орденбек Білісбекұлы
Ғалыммен кездесуге мектебіміздің директоры Сексенова А.С., мектеп ұстаздары және 9-10 сынып оқушылары қатысты.

Ғалымның қойған сұрағына 9 "Ә" сыныбының оқушысы Жақсылықова Несибенің жауап беру сәті.
Мазбаев Орденбек Білісбекұлының кезекті экспедициясы кезі.

Қазақстандық география қоғамының мүшесі Орденбек Білісбекұлының 2011 жылы Антарктидаға барып, Қазақстанның көк туын тіккен сәті.
Кездесу барысында Орденбек Білісбекұлы жалпы еліміздегі туризмнің бүгінгі таңдағы және келешектегі жоспары жайлы айтты. Оқушыларға әсіресе Оңтүстік полюске барған автокөліктік экспедициясы қызықтырды, сан алуан сұрақтар қойылды.
Ғалымның ең басынырақ айтқаны Қазақстан Антарктида келісім шартына кірмегені, бүгінгі таңда оған бірнеше елдердің тіпті ТМД ішіндегі Эстония, Беларусия, Украина секілді елдерінің кіріп үлгергені туралы айтылды.
Сонымен қатар Шоқанның жүрген жолдары Қашқар саяхаты "Қазақстан аңыздары" деп аталатын сапарында автокөлікпен неше күнде шарлап шығуға болатындығы жайлы қызықты әңгімелеп берді.
Бұл кездесудің біз үшін, оқушыларымыз үшін, олардың келешекте отаның, жерін сүйетінің, ғылымға бағыттауына аз да, болса септігін тигізді деп ойлаймыз.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено