« Білімнің кені - бастауышта» атты бастауыш сыныптар арасында онкүндік аясында ашық сабақтар өткізілді.

03.02.2016

« Білімнің  кені  - бастауышта»  атты   бастауыш сыныптар  арасында  өткен  онкүндік  аясында    ашық сабақтар   өткізілді.  1 «Е»  сынып  жетекшісі  Әлемнұр  Хадайқызының  жетекшілігімен    ана  тілі  пәнінен  «Жіңішке  дауыстылар»  атты  ашық  сабақ  өткізілді.   Сабақ  ойын  түрінде  өз деңгейінде     өтті.   Оқушылар  сабаққа  белскене  қатысты.  

      Сонымен  қатар  1 « Ғ»  сынып  жетекшісі  Л.Т.  Бодееваның  жетекшілігімен     ана  тілі  пәнінен  «Төлдер» атты  ашық  сабақ  өтті.  Сабақ  барысы  жүйелі,   ертегі  желісінде  жүргізілді.   Оқушылар  «Төлдер»  туралы  толық  мағлұмат ала  отырып,   әр  түрлі  тапсырмалар  орындады.

2 «В»  сынбында    қазақ  тілі  пәнінен   А.С.Жағыпарова    жетекшілігімен  «Сөйлемге  жұрнақ,  жалғау  жалғап,  сөйлем  құрастыру»   атты  ашық  сабақ  өтті.    Деңгейлік  тапсырмалар   орындап,    топпен,  жұппен  ,  жекелей  жұмыстар    жүргізілді. 

2  «Б»  сыныбында  Н.Д.Уалиева  жетекшілігімен    қазақ  тілі  пәнінен  «Жұрнақ   мен  жалғау  »     атты ашық  сабақ   өткізілді.   Сабаққа  оқушылар  белсене  қатысып,    жұрнақ  пен  жалғау  туралы  толық  мағлұмат алды.   Әртүрлі  тапсырмалар  орындай  отыра,  шығармашылық  жұмыстардан  да      оқушылар  биіктен  көрінді
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено