«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
21.01.2016
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
Мектебімізде 2016 жылы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды. Акция бұрышына «Қамқорлық»қайырымдылық акциясына қатысты халықты ақпараттандыру мақсатында мәліметтер ілінді.
«Қамқорлық»қайырымдылық акциясы ата-аналар, мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың қатысуымен өткізілуде. Қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту және қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында 1 – 11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілу үстінде. 6 «Ә», (сынып жетекшісі Бегимбаева Д.), 5 «Ә» (сынып жетекшісі Мырзабаева Ш.С.), 6 «А» (сынып жетекшісі Дүнбаева Н.) сыныптарында «Қайырымдылықадамгершілік белгісі» тақырыбына тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшілері тәрбие сағаттарында сыныпқа жағымды психологиялық ахуал туғызудан бастап, балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірді.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
