Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы туралы біздің мектебімізде насихаттау жұмысы өткізілді
20.01.2016Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласымен №58 мектеп-гимназиясының мұғалімдері педагогикалық кеңесте талқылап ойларын ортаға салды .
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл басындағы бұл мақаласы, өзі атап өткендей, 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам» - "Ұлт жоспарын орындаудың" практикалық кезеңімен тұспа-тұс келді.
мақалада мемлекеттер тарихында Тәуелсіздікті алу бір басқа болғанымен, оны сақтап қалу қиын екенін және бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елінің таңы арайлы, айбыны асқақтығын баяндалған. Еліміздің өркендеп, дамуында Елбасының үлесі орасандығын, Президент ұсынған түрлі реформаларды шығарып, іске асырудың арқасында Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта дамудың даңғыл жолына түскен ел ретінде танымал болғандығын еске салды. Ендігі бізге қалғаны, қазақстандық арманға бірге бастайтын жолға жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді.
- Елбасы өз мақаласында "кәсіби мемлекет құру үшін бәсекеге қабілетті, кәсіби кадр керек" деп астын сызып айтқан болатын. Расында да, қазіргі күні, көп мәселе маманның біліктілігіне байланысты. Білімді де,тәрбиелі жеткіншек дайындау жолында ерен еңбектене білуіміз керек. Дағдарыс бүкіл әлемді шарпып тұр. Ешкімге де оңай тиіп тұрған жоқ.Құр байбалам салғанша еңбектенуіміз керек.Дағдарысқа қарсы тұрсаң ғана еңсересің.
Елбасы осылай боларын алдын-ала айтты. Арнайы бағдарламалар қабылдап, Үкіметке тиісінше тапсырмалар берді. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған қауымға үлкен жеңілдіктер қарастырылуда .
Денсаулық сақтау мен білім беру саласы қызметкерлеріне 28-29 пайыз мөлшерінде еңбекақысы көтеріледі дегені жүрегімізді жылытты.
Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Жан-жақты мемлекеттік қолдау тудырылғанын жаңа түзетулермен қабылданған Еңбек кодексі баптарынан да табуға болады.Енді жаңа заң бойынша жұмыс беруші кәсіби шеберлігі жоғары, белсенді бастамашыл қызметкерлердің ұжымда қалып еңбек етуін аттай қалап алары сөзсіз. Мұның өзі адам капиталын дамыту екенін айғақтайды.
Адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңартуды жалғастыруымыз керек.
«2017 жылдан бастап жаңа жоба-«Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын."Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын" , деді Мемлекет басшысы.
Ұлттың ұяты ұстаздар қауымы осы топтың басында болса болғаны.
Қазақстан-болашағы айқын, ұлы мақсаттарды жүзеге асыруға қауқары жететін, арманын орындай алатын мемлекет .Арман орындалады екен. Біз мақсаттарға бір үйдің баласы, бір қолдың саласындай бірлігімізбен жетеміз.
Ұлттың ұяты ұстаздар қауымы осы топтың басында болса болғаны.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
