16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс – шара
15.12.20152015 – 2016 оқу жылы 15 желтоқсан күні мектебімізде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ата бабам аңсаған – Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік салтанатты іс шара болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, Қазақстанның болашақта дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру, оқушыларды Отанымызды сүюге, туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеуге, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Мектеп директоры Чижевская Л. В. құттықтау сөзінен кейін, 5 – 6 сынып оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты сәтінен басталды. Оқу озаттары, спорт саласы бойынша жетістіктерімен көзге түсіп, мектепішілік мерекелік іс – шараларға белсенді қатысып жүрген 5 – 6 сынып оқушылары ұйым қатарына қабылданды.
Мерекелік іс – шарамыз концерттік бағдарламаға жалғасты. 9 «А» сыныбының «Батыр Баян» театрландырылған қойылымы, 10 «А» сыныбының сахналық қойылымымен, 7 – 8 сынып оқушыларының музыкалық нөмерлерімен жалғасты.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
