«Кім білгіш» және «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшаның тұсаукесер рәсімі

15.12.2015

Ұлы мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры жобасының  тұсаукесер рәсімі болып өтті.

            Мемлекеттік тілді дамыту қоры Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясымен құрылған болатын.

            Мемлекеттік тілді дамыту қорының мақсаты: Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау жұмысына қолдау көрсету, жастар арасында қазақ тілін насихаттау,олардың өз Отанына,туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін  арттыру болса,ал міндеті:  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік  тілді  дамытуға бағытталған  бастамаларына қоғамдық  қолдауды белсендіру.Тағылымды іс-шараны Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Шауеев Азат Садметұлы бастады. Жоба экранды слайдпен көрсетілді.

            Келесі сөз кезегі Астана қаласының Білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Әбуова Меруерт Әбітайқызы, мектебіміздің директоры Садыкова Зауре Жақанқызына берілді. Іс-шараға мектебімізден 10-шы сынып оқушылары қатысты. Омаров Ерсайн, Сансызбаев Қуаныш сияқты оқушылар өз білім, білік, зерделерін көрсетіп, «Кім білгіш» ойының жеімпазы болды және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектеп мерейі мен мәртебесін көтерген оқушыларға жеңіс тұғырынан түспеңдер дейміз. Іс-шара мектептегі өнер жұлдыздарының күшімен дайындалған концертпен аяқталды.

Концертте 2 «В» сынып оқушысы өнерлі оқушы Әшірбай Мирас, 6 «Ә» сынып оқушысы жас дарын Құдайберген Қасиетәлі қадірлі қонақтар мен көрермендерін қатты қуантты.

Өрелі, өнегелі істер бола берсін!





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено