Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты онкүндігі өтті
04.12.2015Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты онкүндігі өтті
Мектебімізде 23-30 қараша аралығында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндік атап өтілді.|
р/с |
Өтілетін іс-шаралар
|
Сыныбы |
Мерзімі |
Өтілетін орны |
Жауапты |
| 1 |
Апталықтың ашылуы -Апталықтың ашылуын ресми түрде таңертеңгілік мектеп жиынында хабарлау |
Мектеп жиыны
|
|
Спорт зал |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері |
| 2 |
«Мен – Қазақстандықпын!» шығармалар байқауы |
8-11-сынып |
Апталық барысында |
|
Пән мұғалімдері |
| 3 |
Ашық сабақ «Сын есімнен өткенді қайталау» |
6 «А» |
3-сабақ |
Каб № 303 |
Акирапбаев Н.Б. |
| 4 |
Интеллектуалдық ойын «Гимназия көшбасшысы» |
9-сыныптар |
Каб № 303 |
Жакыпбекова А.М. |
|
| 5 |
Ашық сабақ С.Дөнентаев «Бозторғай» |
6 «Ә» |
4-сабақ |
Каб № 303 |
Әлімбек Б.А. |
| 6 |
Сайыс сабақ «Асыл сөзді іздесең...» |
8-сыныптар |
Каб № 303 |
Акирапбаев Н.Б. |
|
| 7 |
Ашық сабақ А.Байтұрсынұлы «Қара бұлт» |
6 «А» |
3-сабақ |
Каб № 303 |
Акирапбаев Н.Б. |
| 8 |
Ашық сабақ «Сан есімнің сөйлемдегі қызметі» |
7 «Б» |
4-сабақ |
Каб № 303 |
Жакыпбекова А.М. |
| 9 |
Сахналық қойылым «Қазақтың Қайраты» |
7-9-сыныптар |
Мәжіліс залы |
Атақбаева Қ.М. Самарханова Н.А. |
|
| 10 |
Ашық сабақ «Сілтеу және сұрау есімдіктерінің түрленуі» |
7 «Ә» |
4-сабақ |
Каб № 303 |
Атақбаева Қ.М. |
| 11 |
Интеллектуалдық ойын «Ең үздік оқырман» |
5-8-сыныптар |
Кітапхана |
Қанатбекқызы Ж. |
|
| 12 |
Апталықтың жабылуы. Мерекелік кеш «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» |
10-сынып |
Мәжіліс залы |
Әлімбек Б.А. |
Жақыпбекова Әсел 7 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Сан есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ жоспары жүйелі құрылған, мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Әсел – жас маман болғандықтан сабақты талдау кезінде жіберілген қателеріне сын тағылып, методикалық көмек көрсетілді.




Самарханова Насихат және Атақбаева Қарақат 7-9-ші сынып оқушыларымен «Қазақтың Қайраты» атты сахналық қойылым дайындады. Сахналық қойылым өте жоғары деңгейде көрсетіліп, мұғалімдер оқушылардың дарыны мен сахнада ойнау шеберлігін аша білді.

5-сыныптар арасында Қанатбекқызы Жұлдыз «Ең үздік оқырман» атты интеллектуалдық ойын өткізді.

Сонымен қатар 8-11-сыныптар арасында «Мен – Қазақстандықпын!» тақырыбында шығармалар байқауы жүргізілді. Ең үздік деп танылған Абдразакова Дариға (8 «Ә»), Кабжанова Алтынай (9 «Ә»), Құрманбек Аружан (10 «А»), Юнусова Уразой (11 «А») сынды оқушылардың шығармалары қалалық шығармалар байқауына ұсынылды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығы 30 қарашада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай 10 «А» сынып оқушылары ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» атты мерекелік кешпен жабылды. Жабылу салтанатында апталықтың өтуіне белсене атсалысқан сыныптар марапатталды.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено