"Жастар - біздің болашағымыз"
11.12.2015Жақында №5-қалалық емханада "Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар клубтарының арасында әзіл сайысы өтті. Жарысқа "Экономика, технология және тағам өндіруді стандартизациялау" колледжі, "Даналық" медициналық колледжі, №20 орта мектеп және №68 орта мектеп қатысты. Осы байқауда мектебіміздің намысын қорғап барған "Forever Astana" тобы жүлделі ІІІ орынды еншілеп, топ басшысы Сәпиева Айғаным арнайы алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Аға тәлімгер: Қажгереева З.Е.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
