Дені саудың-тәні сау
08.12.201507 желтоқсанда «Дене тәрбиесі және АӘД» пәндік циклдік комиссиясының онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Б. Махат студенттер мен оқытушыларға онкүндіктің өткізілу жоспарын таныстырды. 1 курс студенттері арасында «Көңілді старт» жарысы байқауы өткізіледі деп жоспарласа, 2 курс ер балалары ішінде «Ал, кәне, жігіттер!» әскери-спорттық жарыс өтетіні туралы хабарлады.
Сонымен қатар, «Дені саудың-тәні сау» тақырыбында қабырға газеттерін шығарудан байқау шартын айтты. Қатысушылар біздің колледждің жетістіктері бар студенттері туралы да ақпарат алды. Олар: 2АТМ-114 топ студенті А. Пекарский армрестлингтен 2 орын, тоғыз құмалақтан Б. Төлемисова және А. Нұрабай 3 орынды иеленді.
Онкүндіктің салтанатты ашылуы «Атамекен» әнімен аяқталды.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
