Математика пәнінен ашық сабақ өткізілді
11.11.2015Математика пәнінің оқытушысы Дуйкенова Л. С. 9-шы қарашада 1 АТТ-115 тобына «Көрсеткіштік теңдеу мен теңдеулер жүйесін шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабағында ауызша есептеу, шешілу үлгісімен көрсетілген үлестірмелі тапсырмалар, салауатты өмір салты жөнінде ақпараттар беру сияқты түрлі тапсырмалар қолданды. Жаңа сабақты студенттер тез иегеріп кете алды. Себебі, оларға берілген түрлі деңгейдегі есептерді әр студент өз деңгейіне қарай орындай алды. Сабақты қорытындылауда студенттер көрсеткіштік функцияның қасиеттерін, рационалды және нақты көрсеткішті дәрежелерді, көрсеткіштік теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешудің әдіс-тәсілдерін қайталап өтті.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено