Елбасы жолдауы талқыланды

04.12.2015

Бүгін мектебіміздің дәріс залында кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті. Жиналыстың басты мақсаты: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформа, даму» деген тақырыптағы ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауын талқылау. Тәуелсіздік сарайына барып, халықтың тағат таппай күтетін жолдауына қатысқан мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы алғашқы сөзді өзі алды. Саяси мәні маңызды болған, бірқатар мәселелердің басын ашқан елбасы сөздерін тарата талқылап, баяндамасын аяқтады.

 
 
Келесі кезекте орыс тілі пәнінің мұғалімі Айнагүл Мұхамедқызы өз ойын ортаға салды. Елбасы жолдауындағы «дағдарысты бірге еңсеріп, қуатты ел болу үшін бәскеге қабілетті ел болу керек» деген тұстарын тілге тиек етті.

Химия пәнінің мұғалімі Нұржаңыл Қабдікәрімқызы әлеуметтік салада қызмет ететін мамандардың, оның ішінде педагог кадрлардың жалақысы 29% өсетіндігін ескеріп, соған лайық жұмыс істеуге шақырды.

 

Ал жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазбек Сағидолда Нұрсұлтан Әбішұлының жастарға айтқан білімділік, еңбекқорлық, бастамашылық және белсенділік қасиеттер әрбір жігерлі жастың бойында болу керек деп түйіндеді.

 

Жолдауға тікелей қатысқан ұстаздарымыздың бірі бастауыш сыныптарының мұғалімі Аягөз Мұхамедрахымқызы да өз ойымен және алған әсерімен бөлісті.

 

Педагогикалық кеңестің соңында математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Мұратқызы жолдаудан кейін туған жүрекжарды туындысын оқыды:

Үндеу

Жаратқан салған тірліктің жүгін арқалап.
Бақытты күнге жетуге бойда бар талап.
Дамыған 30 ел қатарына жол алған,
Қазақтың елін мойындап жатыр шартарап.

Тарихы қатпар қатерлі жолдар қалды артта.
Жүректе жазған шежіре мұң бар әр қартта.
Иеміз, бүгін бабадан қалған аманат,
«Тәуелсіз менің елім бар!» деген зор даңққа. 

Тәуелсіз елдік қастерлі ұғым, ұлы ұғым.
Ардақта жастар қадірін әркез біл ұғын.
Елдікті сақта көк байрақ тұрсын асқақтап,
Рух мықты болса, сала алмас дұшпан құрығын.

Өр мақсат қойып жетсін деп елім табысқа.
Салайық жастар жігерді қайрап намысқа.
Тәуелсіз елді мызғымас бірлік, тың күшпен,
Айналдырайық Азиядағы барысқа!

 

 

Өз тілшіміз

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено