ЖРВИ-дің алдын алу және корғалудың ең тиімді жолы

25.11.2015

Астана қаласы №49 орта мектебінде 2015 жылдың  23 қазан күні № 3 емхананың дәрігерлерімен  ЖРВИ-дің алдын алу және корғалудың ең тиімді жолы тақырыбы бойынша дәріс жүргізілді. Дәріске  қатысқан 1-сынып оқушыларымен мұғалімдері.

      Жедел  респираторлық  вирусты инфекциялардың қоздырғышы көптеген вирустар  болып табылады.  Инфекция көзі – ауру адам. Әсіресе алғашқы күндері  ауру  жұқпалылығы жоғары болады. Инфекция  ауа – тамшы арқылы басым таралады .  

       Ауру  қалтыраумен,  жоғары температурамен, бас аурумен, көз шарасының ауруымен, жарықтан қорқумен сипатталады. 2-3 тәулікте түшкіру, мұрынның бітелуі, жөтел белгілері  қосылады.

       ЖРВИ және тұмау эпидемиясы кезінде :

-адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеңіз.

-орын-жайды  жиі  желдетіп, тазалап отырыңыз.

-тағамға ақуызға бай азық-түлікті, пиязды, сарымсақты, жемістер мен көкөністерді  пайдаланыңыз.   


  
  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено