Ұлт аспаптары - ұлы мұра
04.11.2015Таяуда мектебімізде тағы бір айтулы шара болды. Оқушыларымызға ұлттық аспаптарымыз домбыраның күмбірін, қыл қобыздың қоңыр сазын, сазсырнайдың әдемі әуенін, даңғараның дүбірлі дауысын тыңдатқан бұл өнер кешін Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филормониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұйымдастырды. Шәкірттеріміздің ыстық ықыласына бөленген қолдары жүйрік күйшілердің дирижері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов болды. Патриоттық сезімге ұшқын берген керемет кеште түрлі республикалық ән байқаулардың лауреаттары Дихан Илияшев пен Бауыржан Нұрымбет өнер көрсетті. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шарада жүргізуші тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға оқушыларымыз белсенділікпен жауап беріп, білімдерін байқатты. І тоқсанның соңында өткен бұл кештің тәрбиелік және рухани мәні зор болды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Шабкенова
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
