Жақсы аспаз дәрігермен тең
21.10.20152015 жылдың 20 қазан күні 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімі онкүндігінің салтанатты түрде ашылуы болып өтті. «Халықаралық аспаздар күні» қарсаңында болып өткен мерекелік жиынға оқу ордамыздың барлық оқытушылар құрамы, сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналары куә болды. Колледж директорының орынбасары Вильчик Ольга Валентиновна бөлім оқытушылары мен білім алушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Онкүндіктің ашылу салтанатында кеш қонақтарына арналып концерттік бағдарламалар, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында кеш жүргізушілері «Халықаралық аспаздар күні» тақырыбында блиц-сұрау жүргізіп, бөлім оқытушылары мен білім алушылары шеберлік сабақтарын өткізді. Атап айтар болсақ, бөлімнің арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері Нұржауова Нұржанат Муратовна балықтың түр-түрінің дайындалу жолдарын көрсете отырып, асханалық құпияларын ашты. Сондай-ақ, «қарбыздан және жеміс-жидектердің түр-түрінен карвинг» шеберлік сағаты, 2 ОПМ-313 тобының білімалушылары «асжаулықтарды әсемдеу тәсілдерінің» түрлі жолдарын асқан шеберлікпен көрсетіп өтті. Аталған мерекелік іс-шараны ұйымдастыруда бөлім оқытушылары өздерінің шығармашылықтарын ортаға салып, белсенділік танытты. Аспаздардың төл мерекесіне орай өткізгелі жатқан онкүндіктің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың өздері шығарған «аспаздар ән ұранымен» жабылды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
