Ер балалармен арнайы жиналыс

21.10.2015

Мектеп директоры Зәуре Жақанқызы 9-11 сынып ер балаларымен жиналыс өткізді. Мектебімізде «Астана-есірткісіз қала» бағдарламасы тұрақты жұмыс істейді, ол «Заңсыз есірткі айналымымен күресу салалық бағдарламасының аймақтық жоспары болып келеді» - деді Зәуре Жақанқызы. Профилактиканың әртүрлі модельдері және жұмыс үлгілері қолданылады. Зауре Жақанқызы есірткі салдары және зияны туралы ақпарат беріп, салауатты өмір салтын насихаттады. Белсенді демалысты ұйымдастырып және насихаттап жүрген және спорттық іс-шаралардағы жетістіктер үшін оқушылар марапатталды.           

Зәуре Жақанқызы мектебіміздің ұлдары есірткіге қарсы ұстанымды қолдайтынын да атап өтті. Болашақта да салауатты өмір сүру дағдысын және жағымсыз әсерлерге қарсы тұру қабілеттерін қалыптастыру үшін семинарлар, ашық сынып сағат, дөңгелек үстел, конференциялар өте бермекші.

            Саламатты өмір салтын қалыптастырып, жарқын болашаққа нық қадам жасауымыз керек. Сонда ғана еліміз үшін алынбайтын асу қалмайды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено