Сырбай Мәуленовтың туғанына 93 жыл

17.09.2015

 

    Бүгінгі атаулы күні мектебімізде Сырбай Мәуленовке арналған мерекелік іс-шара +2010 жылы ашылған мемориалдық тақта алдында аталып өтті. Мерекеге 9 «ә» сынып пен 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар алдымен Сырбай Мәуленовтің өмірінен деректерге шолу жасап, лирик ақынның өндірте де өнікті жазып, кереметтей келістіре жырлаған өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Мереке соңында гүл шоғы қойылып, мектебіміздің ұстаздары оқушылармен Сырбай Мәуленов жайлы бір үзік сырларымен бөлісіп, өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оны мәңгі есте сақтау - біздің қасиетті борышымыз екенін айтты.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено