1-қыркүйек – Білім күні!
01.09.2015Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Еліміздің тірегі мен көркі-білімді де білікті, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің келешегі туралы қазақ әдебиетінің ақиық ақыны М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі-мектебіне байланысты» дегеніндей, егемен еліміздің рухани байлығын дамытып, ұлттық мектепті қалыптастыру –өскелең ұрпақ қолында.!
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
